Референдум-2026

«Қауіпсіз жол»: ІІМ жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды

Бүгін, 16:02
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Қауіпсіз жол»: ІІМ жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырды
фото: polisia.kz

11-16 шілде аралығында еліміздің аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ІІМ Жедел-профилактикалық іс-шара аясында жолдағы бақылау күшейтіліп, автопатрульдер саны артты. Сондай-ақ, полиция нарядтары жолда жүру қағидаларын бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде.

«Іс-шараның алғашқы үш күнінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 22,5 мыңнан астам дерегі анықталды. Оның ішінде: көлік құралын мас күйде басқарудың 300-ден астам дерегі; жолдың қарсы жолағына шығудың 260 дерегі; жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 854 дерегі; жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 139 дерегі, оның ішінде 60-тан астамы такси қызметі саласында анықталды. Арнайы тұрақтарға 1,5 мыңнан астам көлік құралы қойылды», - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Полиция барлық жол жүрісіне қатысушыларды жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін есте ұстауға шақырады.