Жоғалған қыз Алматыдағы дәретхана шұңқырынан табылды
Алматыда полиция қызметкері көшедегі дәретханаға құлап кеткен қызды құтқарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Алматы тұрғыны 102 пультіне қызы үйден кеткелі бірнеше сағат бойы байланысқа шықпағанын хабарлап, жедел-тергеу тобы оқиға орнына келді.
Ауланы аралау кезінде криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция майоры Олжас Оразалиев үйдің жанындағы дәретханаға назар аударды. Дәретханаға жақындаған кезде ол көмек сұраған әлсіз дауысты естіді. Белгілі болғандай, қыз абайсызда дәретхана шұңқырына құлап кеткен. Ішінде жиналған будың салдарынан ол әлсіреп, есінен танып қалған. Тәртіп сақшысы жәбірленушіні жедел шығарып алды.
«Ауланы аралаған кезде әлсіз дауысты естідім. Дәретханаға жақындағанда оның ішінде адам бар екенін түсіндім. Қыз қатты әлсіреп, көмек сұрап жатты. Біз оны дереу шығарып алу туралы шешім қабылдадық», – деп оқиға туралы еске алды Олжас Оразалиев.
Құтқарылған қыз дәрігерлердің қарауына тапсырылды.
Еске салайық, бұдан бұрын Семей көшесінде дәрет сындырған шетелдіктерге елге кіруге шектеу қойылғаны туралы жаздық.