Жетісу облысында газ қоспасы жарылысынан үш адам зардап шекті

Жетісу облысында газ қоспасы жарылысынан үш адам зардап шекті
Фото: instagram/kazakhstanec_insta скриншоты

Жетісу облысында газ қоспасы жарылып, дүкен қирап қалды. Оқыс оқиғадан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жетісу облысы ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Алмас Смағұловтың айтуынша, оқиға кеше сағат 18:45-те Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында болған.

Өрт сөндірушілер дүкенге келіп жеткен кезді, жарылыс салдарынан нысанның сыртқы қабырғасы мен шатырының бір бөлігі опырылып түскені анықталды.

Зардап шеккен үш адамды жедел жәрдем бригадасы қарап шығып, әрі қарай тексеру үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізді.

 

Оқиға орнындағы жұмысқа Жетісу облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан шамамен 40 қызметкер және 8 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар үйіндіні аршуға кірісіп кетті. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, елорда тұрғыны көлік сатып аламын деп 16 млн теңгесінен айырылып қалды.