Жетісу облысында ер адам көрші әйелді күрекпен ұрған: қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 17:45
Думан Аманжол Думан Аманжол
Жетісу облысында ер адам көрші әйелді күрекпен ұрған: қылмыстық іс қозғалды
Фото: freepik.com

Жетісу облысында ер адам көрші әйелді күрекпен аяусыз ұрып тастаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Желіде тараған ақпарат бойынша оқиға Ақсу ауданындағы Суықсай ауылында болған. Ер адам мен әйел арасында жанжал шығып, ол келіншекті күрекпен ұрып тастаған.

Аталмыш оқиғаға байланысты Жетісу облысы полиция департаменті түсінік берді. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінеді полиция хабарламасында.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбады.  

Еске салсақ, Зайсан қаласында 21 жастағы жігітке оқ атқан күдіктілер ұсталған болатын