Зайсанда 21 жастағы жігітке оқ атылды: екі күдікті ұсталды

Бүгін, 17:46
Думан Аманжол Думан Аманжол
Зайсанда 21 жастағы жігітке оқ атылды: екі күдікті ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Зайсан қаласында 21 жастағы жігітке оқ атқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында белгісіз біреулер 21 жастағы жігітке оқ атып, оқиға орнынан қашқаны туралы ақпарат тарады. Осы оқиға бойынша ШҚО полиция департаменті адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«8 сәуір күні Зайсан ауданының полиция бөлімі тарапынан адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қылмыс жасалған қару тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіп жатыр.

Полиция сондай-ақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Еске салсақ, Астанада полиция қызметкерлерін балағаттаған мас адам сотталды.