Жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздікке арналған профилактикалық бейнеролик әзірленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Бейнероликте балалардың су айдындарында, спорт және ойын алаңдарында, ашық терезелер мен жол бойында қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері қамтылған.
Сонымен қатар балаларды кешкі және түнгі уақытта қараусыз қалдырмаудың маңыздылығына назар аударылған.
Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігі ата-аналардың, қоғам мен мемлекеттің ортақ міндеті екенін еске салады.