Қабылданған заң бойынша барлық өңірлерде отбасын қолдау орталықтары ашылды - Динара Закиева
Астанада өткен «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаңда Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева отбасын қолдау, балалар құқығы мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Amanat партиясына сілтеме жасап.
«Конституция жобасына сәйкес - балаларды тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау ата-ананың басты құқығы және міндеті болып табылады. Яғни, ата-аналардың басты құқығы бар. Ал мемлекет балалардың құқығын қамтамасыз етіп, қауіпті жағдайларда немесе балалардың құқығы бұзылған жағдайларда араласады.
Мысалы, қазіргі таңда әлеуметтік салада мемлекет балалардың құқығын қамтамасыз етіп, отбасыларға қолдау және көмек көрсетеді. Осы бағытта қазіргі таңда елімізде түрлі 49 қызмет бар және 15 түрлі жәрдемақы көзделген.
Сонымен қатар, қабылданған заңдарға сәйкес барлық өңірлерде, әр ауданда отбасыны қолдау орталықтары ашылды, мобильдік топтар құрылды. Бұл мобильдік топтар былтыр 13 мың қиын жағдайда тұратын отбасыларды анықтап, отбасылық орталықтарға сүйемелдеуге қабылданды», - деді Д.Закиева.
Еске салсақ, астаналық танымал жұлдыздар жаңа Конституцияны қалай қолдағанын жаздық.