15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жаңа бастамалар ауыл шаруашылығын кешенді жаңғыртуға және оның экономикадағы рөлін нығайтуға бағытталған - зерттеуші

|
Photo: Үкібай Нұрпейісовтің жеке мұрағатынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Жаңа бастамалар ауыл шаруашылығын кешенді жаңғыртуға және оның экономикадағы рөлін нығайтуға бағытталған - зерттеуші

|
Photo: Үкібай Нұрпейісовтің жеке мұрағатынан

Кеше Астанада өткен Агрофорумда агроөнеркәсіптік кешенді жүйелі дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында Президент заманауи және тұрақты АӨК экожүйесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Мұндай экожүйенің негізгі элементтері – мемлекеттік қолдаудың тиімділігі, технологиялық жаңғырту және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Көтерілген басты мәселелердің бірі – су ресурстарын ұтымды пайдалану және заманауи суару технологияларын енгізу. Климаттық тәуекелдердің артуы мен ылғал тапшылығы жағдайында бұл бағыт елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің стратегиялық факторы болып табылады. Президент Үкіметке су үнемдейтін технологияларды жедел енгізуді және қолданыстағы ирригациялық инфрақұрылымды модернизациялауды тапсырды.

Форумда логистика, өңдеу және сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселесі де ерекше аталды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу әлеуетін арттыру – қосылған құнды өсірудің және экспортты ұлғайтудың негізгі тетігі. Президент Қазақстанның шикізаттық модельден бас тартып, ұн тарту, май-тоңмай, ет-сүт бағыттары бойынша дайын өнім өндірісін күшейту қажеттігін баса айтты.

Субсидияларды әділ және тиімді бөлу мәселесі де талқыланды. Президент мемлекеттік қолдау тетіктерін толық цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бюрократиялық кедергілерді азайтып, ашықтықты арттырады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді және қаржыландыруды нақты мақсатты топтарға бағыттауға мүмкіндік береді. Әсіресе, бүгінгі таңда қаржы мен технологияларға қолжетімділікте қиындықтарға тап болатын шағын және орта фермерлер үшін бұл өте маңызды.

Форум аграрлық саланы жаңғыртудың негізі ретінде ғылым мен инновацияның рөлін тағы да айқындады. Селекция, агрохимия, цифрлық технологиялар және заманауи агротехникалық шешімдер өнімділікті арттыру мен бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің басты құралдары ретінде көрсетілді. Университеттер, ғылыми орталықтар және бизнес арасындағы тығыз ынтымақтастық агросектордың алдағы дамуы үшін міндетті шарт болып табылады.

Қорытындылай келе, қабылданған шешімдер мен жарияланған бастамалар ауыл шаруашылығын кешенді жаңғыртуға және оның экономикадағы рөлін нығайтуға бағытталғанын айтуға болады. Бұл міндеттердің жүзеге асуы экспорттық әлеуетті арттырып, ауылдық өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға, фермерлер табысын өсіруге және Қазақстанды азық-түлік тұрғысынан тұрақты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Үкібай Нұрпейісов,

PhD докторант,

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗