Жамбыл облысында жауапкер заңсыз салынған құрылысты бұзуға міндеттелді

Бүгін, 12:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жамбыл облысында жауапкер заңсыз салынған құрылысты бұзуға міндеттелді
Фото: freepik.com

 Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты екі кәсіпкердің өз бетімен тұрғызылған құрылысты бұзу туралы дауы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz Жамбыл соттарына сілтеме жасап. 

Сот жауапкердің Тараз қаласында рұқсат құжаттары жоқ шатыр мен қоршау тұрғызғанын, олардың бір бөлігі кондоминиумның жер учаскесінде орналасқанын анықтады. Құрылыс жобасы уәкілетті органдармен келісілмеген, ал әкімнің қаулысымен аталған учаске жауапкерге құрылыс жүргізу құқығынсыз абаттандыру үшін берілген.

Сотта сондай-ақ тұрғызылған құрылымның іргетасы, қабырғалары мен шатыры бар екендігі, құрылыс және өртке қарсы нормаларды бұзғаны, ал объектілер арасындағы қашықтық кемінде 6 метр нормативпен небәрі 0,5 метрді құрайтыны расталды. Бұл жағдайлар өрт қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және талап қоюшының объектісін пайдалануға кедергі келтіреді.

Сонымен қатар, бұған дейін жауапкер жердің нысаналы мақсатын сақтамай және рұқсат құжаттарынсыз заңсыз құрылыс үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жауапкердің өкілі қолда бар қабылдау актісіне және техникалық паспортқа сілтеме жасай отырып, талап қоюды мойындамады.

Сот жауапкердің заңнама талаптарын бұзғаны туралы қорытындыға келді және талап қоюды негізді деп таныды.

Талап қою арызы қанағаттандырылды, жауапкер өз есебінен өз бетінше құрылысты бұзуға және мемлекеттік баж бен сот шығындарын төлеуге міндетті.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұдан бұрын желіде бас дәрігерге жала жапқан тұрғынға 500 мың теңге айыппұл салынғаны туралы хабарладық.