Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасы жойылды
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасын жойды. Бұл елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырылған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Жезқазған - Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. Күдіктілер маршрутты бақылаған. Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді. Онда 300 келіден астам марихуана болған. Алдын ала мәліметке сәйкес тәркіленген есірткі миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына жетеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.
Еске салайық, бұған дейін Астана және Семей тұрғындарын алдаған ерлі-зайыпты ұсталғаны туралы жаздық.