Ұлттық селекциялық жетістікке 75 жыл: Астанада қазақтың ақбас сиыры туралы кітап таныстырылды

Бүгін, 15:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ұлттық селекциялық жетістікке 75 жыл: Астанада қазақтың ақбас сиыры туралы кітап таныстырылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Астанада «Qazaq Aqbas – Ұлттық Қазына» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол қазақтың ақбас ірі қара тұқымының 75 жылдығына арналған. Бұл – отандық селекциялық ғылымның ең ірі жетістіктерінің бірі әрі Қазақстандағы етті мал шаруашылығы дамуының айшықты көрінісі.

Аталған басылымды Қазақтың ақбас тұқымы жөніндегі республикалық палата дайындаған. Кітап бес жылдық ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі. Онда тұқымның қалыптасу тарихы, оның негізін қалаған тұлғалар және қазақтың ақбас тұқымының еліміздің аграрлық саласын дамытудағы маңызы жан-жақты баяндалады.

Қазақтың ақбас тұқымы 1950 жылы ресми түрде бекітілген. Оның шығарылуы Қазақстандағы ғалымдар, селекционерлер және мал шаруашылығы мамандарының көпжылдық еңбегінің жемісі. Жұмыс республика аумағының бірнеше өңірінде қатар жүргізіліп, ауқымы жағынан отандық ауыл шаруашылығы тарихындағы ең маңызды ғылыми-тәжірибелік жобалардың бірі саналды.