Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген 4 қазақстандықты шетелден елге қайтарды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген 4 қазақстандықты шетелден елге қайтарды
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жөніндегі операцияны жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7, 12 мамырда шет елдерден ҰҚК арнайы жасағы террористік қылмыс жасады деген күдікпен төрт Қазақстан азаматын елге жеткізді. Олар ұзақ уақыт бойы шетелде бой тасалап жүрген. Алайда комитеттің бағдары бойынша ұсталды», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдлеуінше, қазір күдіктілерге қатысты тиісті қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген 4 қазақстандықты шетелден елге қайтарды.

 

Еске сала кетсек, таяуда Бас прокуратура бір қазақстандықты Грузиядан экстрадициялады.