Үкімет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру критерийлерін кеңейтеді

23 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Үкімет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру критерийлерін кеңейтеді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлесін.

«Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржыландыру критерийлерін кеңейту тиімді тетіктердің бірі болады», - деді Премьер-министр.