Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтауға арналған кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтауға арналған кешенді жоспарын бекітті
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР Үкіметі ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жоспарда тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау, материалдық емес мәдени мұраны қолдау, мамандарды даярлау және Қазақстанның осы саладағы халықаралық бағдарламалар мен бастамаларға қатысуын кеңейту жөніндегі нақты шаралар көзделген.

Негізгі міндеттердің қатарында дүниежүзілік мұра нысандарын қорғау сапасын арттыру, Қазақстанның мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде ілгерілету, сараптамалық және білім беру базасын дамыту, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау ісіне қоғамды белсенді тарту іс-шаралары бар.

Еске салсақ, қазақтың «Ою-өрнегі» ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізуді ұсынды.