ТЖМ көктемде су айдындарындағы мұз ерекше қауіпті екенін ескертті
Құтқарушылар Наурыз мейрамын тойлау кезеңінде азаматтарды ерекше сақ болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша, көктемгі кезеңде су айдындарындағы мұз ерекше қауіпті болады. Ол сырт көзге берік болып көрінгенімен, өзінің беріктігін жоғалтады. Жыл сайын дәл осы уақытта жазатайым оқиғалардың саны артады.
Осы кезеңде құтқарушылар 34 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды.
ТЖМ қызметкерлері ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде: 28 мыңнан астам рейд пен патрульдеу ұйымдастырылды. 102 мыңнан астам азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді шамамен 47 мың балықшыға нұсқаулық берілді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, кейбір азаматтар қауіпсіздік талаптарын сақтамайды.
«Еске саламыз: мұз қату және мұз еру кезеңінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынады. Сондықтан ТЖМ қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жұқа және берік емес мұзға шықпауды, мұз үстінде бір жерге топпен жиналмауды, жарықшақ, ойықтарға жақындамауды, ресми өткелден тыс жерде мұзға автокөлікпен шықпауды ұсынды», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Төтенше жағдайлар министрлігі өз қызметіне заманауи технологияларды кең ауқымда енгізуді жалғастырып, дронды белсенді түрде қолданатының хабарладық.