«Түнде теледидар көру, серуендеуге шығу»: сотталушылар колония әкімшілігінен заңсыз жеңілдіктер талап еткен

Бүгін, 16:39
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Түнде теледидар көру, серуендеуге шығу»: сотталушылар колония әкімшілігінен заңсыз жеңілдіктер талап еткен
freepik.com

Түркістан облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының арнайы прокурорлары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің талаптарына жаппай бағынбау фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Тергеу барысында анықталғаны, қылмыстық-атқару жүйесінің №55 мекемесінде қатаң ұстау жасағында ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан алты сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы мекеме әкімшілігінен заңмен тыйым салынған – түнде теледидар көру, серуендеуге шығу, өз бетінше тамақ дайындау, белгіленген киім үлгісін кимеуге және заңнамада тыйым салынған өзге де жеңілдіктер беруді талап еткен», - делінген хабарламада.

Заңсыз әрекеттерін әзірлеу мақсатында өздеріне жарақаттар салған.

Сот сотталушылардың әрқайсысына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын және оны бұрынғыдан да қатаң жағдайда өтеу туралы үкім шығарды.

Бұған дейін Астана соты несие алғысы келгендерді алдаған алаяқтың бас бостандығын шектеген болатын.