05.12.2025
RU
Мәзір

Тоқаев: Қазақстанда еріктілер қозғалысы қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды

|
Тоқаев: Қазақстанда еріктілер қозғалысы қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды
Фото: akorda.kz

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, экологиялық жауапкершілік мәдениетін дәріптеуге үлес қосқысы келетін мыңдаған азаматты біріктірді. Бұл жоба БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы жаһандық бастамаларымен үндеседі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы орайда Алматы қаласын Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық ынтымақтастық хабына айналдыру ниетін құптаймыз. Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы осындай мүмкіндікке жол ашты. Бұл ретте Алматыда БҰҰ Еріктілер бағдарламасының субөңірлік кеңсесінің ашылуы Қазақстанның азаматтық белсенділікті және жаһандық серіктестікті дамытуға бейіл екенін көрсетеді. Аталған бастамалар әлемдегі сын-қатерлерді бірлескен күш-жігер мен өзара сенімнің арқасында еңсеруге болатынын растайды. Барша елдің еріктілерін БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік интеграция және жастарды қолдау бағытындағы бастамаларына қосылып, өзара тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз. Қазақстан БҰҰ Еріктілер бағдарламасына ризашылығын білдіреді. Сонымен қатар жастардың, әйелдердің және шалғай аймақ тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейту үшін серіктестік аясын кеңейтуге үндейді», - деді Президент.


Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толды.

«Осы маңызды кезеңде баршаңызды әділ әрі жасыл әлем қалыптастыру жолында ынтымақ-бірлігіміздің берік екенін көрсетіп, адамзат игілігі үшін бірлесіп әрекет етуге шақырамын. Қазақстан айтулы жыл аясында және одан кейінгі кезеңдерде де әлеуметтік маңызы бар еріктілер қызметін қолдау үшін БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетпен және азаматтық қоғаммен ынтымақтаса жұмыс істеуге әрдайым дайын», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттағанын жаздық.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗