Татарстанда жаңа Конституция жобасы таныстырылды
Қазақстанның Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Татарстанның жетекші жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамымен және қазақстандық студенттерімен жаңа Конституция жобасы бойынша алдағы референдумға арналған кездесулер өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақ дипломаты Қазақстанда мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді және ашық жүйесін құру мақсатында жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық реформалар туралы хабардар етті. Ұсынылып отырған конституциялық реформа Мемлекет басшысының жүйелі саяси өзгерістерінің қисынды жалғасы болып табылады.
Жаңа Негізгі заң жобасында заң мен құқықтық тәртіптің үстемдігіне, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ елдің орнықты дамуына ерекше назар аударылғаны аталып өтті.

Қазақстанның болашағы туралы шешуші шешімдерді қабылдау демократия қағидаттарын ұстанудың айқын дәлелі болып табылатындығына назар ауадарылды.
Сондай-ақ, қатысушыларға Татарстанда өткізілуі жоспарланған іс-шаралар және Бас консулдықтың консулдық-құқықтық қызметі туралы ақпарат берілді.
Еске сала кетейік, Бас прокуратура референдумға байланысты үндеу жасады.