Стратегиялық маңызы бар ГЭС: Бішкектегі келіссөз қалай өтті
Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның қатысуымен «Қамбар ата-1» ГЭС-ін салу бойынша келіссөздердің алғашқы кезеңі өтті , деп хабарлайды Elordainfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Тараптар «Қамбар ата-1» гидроэлектр станциясын салу жобасын іске асыру туралы Үкіметаралық келісім жобасын талқылады.
«ГЭС жобасы – энергетика саласындағы стратегиялық маңызы бар өңірлік бастама. Ол Орталық Азия мемлекеттерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған және Қырғыз елі аумағындағы Нарын өзенінде қуаты 1 880 МВт болатын гидроэлектр станциясын салуды көздейді», делінген хабарламада.
Келіссөздер Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың, Қырғыз Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Алтынбек Рысбековтің және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Умид Мамадаминовтың тең төрағалығымен өтті.
Делегациялар құрамына үш елдің мүдделі мемлекеттік органдары мен бейінді ұйымдарының өкілдері кірді. Дүниежүзілік банк өкілдерінің бақылаушы ретінде қатысуы бұл ұйымның жобаның негізгі халықаралық қаржылық серіктесі ретіндегі маңызды рөлін растайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Үкіметаралық келісім жобасының ережесін келісу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін қуаттады. Келіссөздердің келесі кезеңі 2026 жылдың сәуір айында Ташкент қаласында өтеді деп жоспарланған.
Есек сала кетсек, биыл елімізде 4 бу-газ қондырғысы, 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылады және екі электр станциясын кеңейту жоспарланып отыр.