05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шымкентте үш есірткі жасырушы ұсталды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шымкентте үш есірткі жасырушы ұсталды

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Шымкенттік полицейлер есірткі жасырушы күдіктілерді таңғы 6:00 шамасында анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көлік тоқтатқан кезде жүргізуші мен екі жолаушының әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін туғызды. Тексеру барысында жолаушылардың бірі бой тасалауға тырысты, бірақ бірден ұсталды.

«Күдіктілерден бір келіге жуық есірткі тәркіленді. Полицейлердің қырағылығының арқасында қара нарыққа «синтетиканың» бір реттік мың дозасы жіберілмеді. Ұсталғандардың қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқаны анықталды. Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ тергеу бастады», - делінген ІІМ хабарламасында.

Сонымен қатар медициналық куәландырудың нәтижесі үш ер адамның да есірткілік масаң күйде болғанын растады. Аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗