09.12.2025
RU
Мәзір

Шетелден пошта арқылы есірткі әкелген 4 адам сотталды

|
Шетелден пошта арқылы есірткі әкелген 4 адам сотталды
Фото: freepik.com

Төрт адамнан тұратын топ шетелден Қазақстанға өзге азаматтарға өткізу үшін халықаралық пошталық жөнелтілімдер арқылы каннабис экстрактын аса ірі мөлшерде (3,5 кг) заңсыз әкелу бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотына сілтеме жасап.

Есірткі құралдарын тапсырыс беру кінәлілер тарапынан бірқатар электрондық қосымшалар арқылы жүзеге асырылған.

А. 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, өзге үш сыбайласы 11, 13 және 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Соңғыларына қатысты сот актілері кассациялық тәртіппен шағымданылмаған.

«Қылмыстық іс Астана қаласында, алқа билердің қатысуымен бірінші сатыдағы сотта қаралды, олар айыптау жөніндегі вердикт шығарған.

А.-ның мүддесінде адвокат кассациялық шағым түсіріп, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық-процессуалдық заңнаманы бұзушылықтарға, сондай-ақ шамадан тыс қатаң жаза тағайындалуына сілтеме жасады», - делінген хабарламада.

Кассациялық сот шағымдардың барлық уәждерін, қылмыстық істің материалдарын жан-жақты зерттеп, жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Өйткені үкімнің заңдылығы мен әділдігіне әсер етуі мүмкін елеулі бұзушылықтар анықталмады:

1. бірінші сатыдағы сот заң шеңберінде істі қараған;

2. алқа билердің айыптау вердикті дәлелдемелерді жан-жақты зерттеу негізінде шығарылған;

3. барлық жеңілдететін мән-жайлар (денсаулық жағдайы, кәмелетке толмаған балаларының болуы) жаза тағайындау кезінде сотпен ескерілген;

4. қорғау тарапымен мәлімделген процессуалдық бұзушылықтар расталмады және үкімді жоюға негіз болып табылмайды.

Бұған дейін есірткі тұтынып, төрт рет түрмеде отырған ер адам ата-аналарға үндеу жасаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗