Серікзат Дүйсенғазы ұлы Әлімханмен сайлауда өз таңдауын жасады

Бүгін, 19:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Серікзат Дүйсенғазы ұлы Әлімханмен сайлауда өз таңдауын жасады
Фото: Серікзат Дүйсенғазы/Instagram

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ол сайлау учаскесіне ұлы Әлімханмен келді.

«Әлімхан батыр екеуміз ел болашағы үшін дауыс бердік», - деп жазды Серікзат Дүйсенғазы бұл туралы әлеуметтік желіде.  

Еске салайық, бұдан бұрын Астанада танымал мәдениет, спорт қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері сайлауға қатысқаны туралы жаздық.