Семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды

Бүгін, 21:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды

Ыстамбұл қаласында (Түркия) семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жарыс 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтеді.

Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) алдағы турнирге қатысушылардың тізімін жариялады.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы атынан бес спортшы сынға түседі. Құрамға София Актаева, Ғалым Нұрымов, Алина Ескендірова, Тамирлан Калиев және Никита Пономарев енді.

Еске салсақ, Астанада 8-10 мамыр күндері дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турнирі өтеді.