Ресейден экстрадицияланған қазақстандық 7 жылға дейін сотталуы мүмкін
Бас прокуратура алаяқтық әрекеттері үшін күдікке ілінген ел азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылы интернет сайттарында шетелдік автокөліктерді сату туралы жалған хабарландырулар орналастырып, кемінде жеті азаматтың қаражатын иемденген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
«2025 жылдың шілде айында ол Ресейдің Белгород облысында ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге жеткізілді», делінеді хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Еске салсақ, Ішкі істер министрлігі дропперлік қаржылық алаяқтық түрін ескертті.