Дропперлік: ІІМ қаржылық алаяқтық туралы ескертті

Бүгін, 13:53
Думан Аманжол Думан Аманжол
Дропперлік: ІІМ қаржылық алаяқтық туралы ескертті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Дропперлік – қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Бұл схема кезінде үшінші тұлғалар заңсыз ақша айналымын жүзеге асыру үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдаланады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ішкі істер министлігіне сілтеме жасап.

Алаяқтар көбіне азаматтарға «жеңіл табыс» уәде етіп, оларды әртүрлі қаржылық операцияларға тартуға тырысады. Алайда мұндай ұсыныстардың артында заңға қайшы әрекеттер жатады.

Құқық қорғау органдары мен банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді. Егер шот арқылы қысқа уақыт ішінде көптеген аударымдар жасалса, әртүрлі тұлғалардан қаражат түссе немесе операциялар алаяқтық белгілерімен байланысты болса, келесі шаралар қабылданады:

есепшотқа қызмет көрсетуді уақытша шектеу;
жүргізілген операциялар бойынша түсініктемелер мен құжаттар талап ету;
шоттағы қаражатты толық бұғаттау;
материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау;
азаматты банктің уқара тізімінеу енгізу.

Мұндай жағдайда азамат банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айырылуы ықтимал.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, дропперлік әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Мамандар азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұсыныстардан бас тартуға шақырады.

Еске салсақ, елордада 800-ден астам ұлан қаржылық қауіпсіздік бойынша оқытудан өтті.