ҰҚК елімізде Кореяның 14 азаматын ұстады
30 шілде, 2026
видеодан скрин/ҰҚК
23 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, аталған елдің құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.
«Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды»,- делінген хабарламада.
Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Еске салсақ, шілдеде шекарада 112 тоннадан астам контрабандалық жанармай тәркіленді.
Ұқсас жаңалықтар
10 қыркүйек, 2026
Екі шенеунік салмағы нормадан асқан жүк көліктерінің кедергісіз жүруіне мүмкіндік жасаған
10 қыркүйек, 2026
Елордада «Qyran» тұрғын үйіндегі пәтерлерді екі рет сатқандар сотталды
9 қыркүйек, 2026
Астанада жүк көлігінен екі аккумулятор ұрлаған ер адам ұсталды - ВИДЕО
9 қыркүйек, 2026
«Дубайға барады»: Астанада ата-аналарды сан соқтырған адам ұсталды