Референдум-2026

Шілдеде шекарада 112 тоннадан астам контрабандалық жанармай тәркіленді

Шілдеде шекарада 112 тоннадан астам контрабандалық жанармай тәркіленді
Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Шекарадағы өткізу бекеттерінде жанармайды заңсыз алып өтуге қатысты шілде айында 1 342 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Шекара қызметі мұнай өнімін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз шығаруға жол бермеу үшін шара қабылдағанын мәлім етті.

«Тек 1 - 21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1 342 әрекеті тіркелген», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, кінәлі адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды.

«Бұл әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағармайдың көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда», делінген хабарламада.

Еске салсақ, көлігіне қосымша бак орнатып жанармай тасымалдаған 255 жүргізуші жауапқа тартылды.