Ақтөбеде қызметтік ит 30-ға жуық қылмыс орнына барып, 15 рет есірткі қылмысын анықтады

Бүгін, 16:35
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Ақтөбеде қызметтік ит 30-ға жуық қылмыс орнына барып, 15 рет есірткі қылмысын анықтады
фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында кинолог Махамбет Әбдуалиев пен оның қызметтік иттері қылмысты анықтауда көмек көрсетіп жүр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің аға лейтенанты, кинолог Махамбет Абдуалиев баптаған қызметтік иттер қылмысты ашуда жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. Күшік кезінен баптаған Барон атты төрт аяқты серіктесі есірткі заттарын іздеп табудан Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионы.

2025 жылдың өзінде Барон 30-ға жуық қылмыс орнына барып, 15 рет есірткі қылмысын анықтаған.

«Кинолог болу үшін ең алдымен иттерді жақсы көру қажет. Иттерден қорқатын немесе жануарларды ұнатпайтын адамнан жақсы кинолог шықпайды», - деді Махамбет Әбдуалиев.

Бұған дейін ІІМ елде үш күнде 75 заң бұзушылық анықтағанын жаздық.