Қоғамдық тәртіпті бұзған елорда тұрғыны қамаққа алынды

Бүгін, 16:52
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қоғамдық тәртіпті бұзған елорда тұрғыны қамаққа алынды
фото: Оңалхан Өнерхан

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында елорда тұрғыны алкогольдік мас күйде компьютерлік клубта дәрет сындырып, балағат сөздер айтып, қоршауды сындырған. Осы үшін оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

«Сонымен қатар, ол бұған дейін ұқсас құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өткен жылы 11 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, айыппұлдары төленбеген. Осыған байланысты прокуратура тарапынан прокурорлық ден қою актісі енгізілді, оны қарау нәтижесінде сот айыппұлды 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа ауыстырды», - делінген хабарламада.  

Елорда прокуратурасы қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, ғимараттарды, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналадағы адамдарға айқын құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзатын өзге де ұқсас әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Аталған баптың санкциясы 60 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды, 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамақты көздейді.