Қазақстандықтардың 65 пайызы сайлауда дауыс берді

Қазақстандықтардың 65 пайызы сайлауда дауыс берді
Фото: Василий Крась

Орталық сайлау комиссиясы жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де дауыс бергендердің мәліметін жариялады. 8,2 млн сайлаушы бюллетень алды. Бұл тізімдегі азаматтардың 65,37%-ы, деп хабарлайды Elordainfo.kz ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша:

1. Астана қаласы бойынша – 46,38%.
2. Абай облысы бойынша – 71,18%.
3. Ақмола облысы бойынша – 73,69%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 75,63%.
5. Алматы облысы бойынша – 67,23%.
6. Атырау облысы бойынша – 63,37%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,81%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 69,11%.
9. Жетісу облысы бойынша – 77,03%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 70,91%.
11. Қостанай облысы бойынша – 70,09%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 81,38%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 65,86%.
14. Павлодар облысы бойынша – 67,06%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,94%.
16. Түркістан облысы бойынша – 76,73%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 64,29%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,33%.
19. Алматы қаласы бойынша – 36,65%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 67,92%.

Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Сайлаушылардың дауыс беруіне қатысты келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі.