Қазақстандық тыңайтқыштар Ұлыбританияға жаңа дәліз арқылы жеткізіле бастады
«Қазақстан темір жолы» АҚ Екібастұздан Ұлыбританияға минералды тыңайтқыштарды алғашқы мультимодальды тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеткізу теміржол және теңіз көлігін пайдалана отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша жүзеге асырылады. Маршрут Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан және Грузия арқылы өтеді. Әрі қарай Поти және Батуми порттары арқылы жүк Ұлыбританияға, Феликстоу портына теңіз арқылы жөнелтіледі.

«Жаңа бағыт отандық кәсіпорындардың Ұлыбритания нарығына өнім жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтті. ТХКБ-ны пайдалану бәсекеге қабілетті жеткізу мерзімдерін, көлік бағыттарын әртараптандыруды және халықаралық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін компания ҚТЖ қазақстандық өнімді Екібастұз – Майами бағыты бойынша экспорттық жөнелтуді ұйымдастырған болатын. Сондай-ақ ҚТЖ бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Польша, Чехия және басқа елдерге жүктерді жеткізуді қамтамасыз етуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ экспорттық сервистерін дамыту Қазақстанның сыртқы сауда әлеуетін нығайтуға, отандық өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге және Еуразияның негізгі көлік-логистикалық хабтарының бірі ретінде Қазақстанның ұстанымын нығайта отырып, халықаралық логистиканың тиімділігін арттыруға ықпал етеді», - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, елімізде бір жылда астық экспорты 12,5%-ға өсті.