24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2025 зерттеуі басталды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2025 зерттеуі басталды

|
Photo: Оқу-ағарту министрлігінен

24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында ЭЫДҰ-ның мектептерге арналған халықаралық PISA зерттеуі жүргізіледі. Оған еліміз бойынша 1 мың білім беру ұйымдары мен 15 жасқа толған 40 мыңнан астам оқушы қатысады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Зерттеу дәстүрлі PISA әдістемесіне негізделген және оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану ғылымдары бойынша функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды. Сонымен қатар бұл зерттеу арқылы білім беру ұйымдарына сыртқы бағалау жүргізіледі. Оның нәтижелері оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторларды анықтауға бағытталған.

«Мектептерге арналған PISA зерттеуі жыл сайын жүзеге асырылады. Дәстүрлі PISA зерттеуінен айырмашылығы, ол әр мектеп бойынша сыртқы бағалау жүргізе отырып, нәтижесінде білім беру ұйымдарының басшыларына оқу орындарының күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін есептер жолданады. Бұл әрбір білім беру ұйымына білім беру процесін жақсартуға ықпал ететін қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі», — деп атап өтті Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров.

Айта кету керек, «Мектептерге арналған PISA» зерттеуін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізеді. Оған 2021-2024 жылдар аралығында еліміздің 3 мыңнан астам білім беру ұйымдары қатысты. Зерттеудің Қазақстандағы үйлестірушісі – А.Байтұрсынұлы атындағы ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗