Бельгия астанасы Брюссельде 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Футболдан Қазақстан құрамасы С лигасында 3-топқа түсті.
Қарсыластарымыз – Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары.
Ұлттар лигасы матчтары қыркүйек айында басталады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары дивизионға өтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ 2028 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін ойнайды.
Еске сала кетейік, 2027 жылы Астанада UEFA-ның 51-ші Конгресі өтеді.