Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 9,3%-ға ұлғайды

Бүгін, 10:52
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 9,3%-ға ұлғайды
Фото: ҚТЖ

2026 жылдың басынан бері Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 9,3%-ға ұлғайды. Бұл көрсеткіш инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді кеңейтумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап. 

Қазақстандық жүктер экспорты 17% өсіп отыр, оның ішінде темір кенін, қара металдарды, агроөнеркәсіптік кешен мен мұнай өнімдерін тасымалдау ұлғайды.   
Еліміздің транзиттік әлеуеті нығайып келеді. Қытаймен қатынаста транзиттік жүктердің көлемі 8%-ға өсті. Бұл ретте Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан транзитпен жүктерді тасымалдау 27% өсімді көрсетті.  

Компания инфрақұрылымның транзиттік тасымалдардың одан әрі өсуіне дайындығын қамтамасыз ете отырып, Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде елдің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда. 

Айта кетейік, транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдаудың оң қарқыны байқалады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытайдан ТХКБ бойынша 125 контейнерлік пойыз жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 34,4%-ға жоғары.

Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толыққаны туралы жаздық.