Қазақстан былтыр Иран нарығына 500 мыңнан астам тонна арпа жеткізген

Бүгін, 15:08
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан былтыр Иран нарығына 500 мыңнан астам тонна арпа жеткізген
Фото: Ақорда

Президент ауыл шаруашылығын ынтымақтастықтың маңызды саласының бірі ретінде атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақстан Иран нарығына астық және басқа да дәнді-дақыл тасымалдайды. Мысалы, былтыр 500 мыңнан астам тонна арпа жеткіздік. Оның көлемін бірнеше есе көбейтуге мүмкіндігіміз бар. Осы мәселені Масуд Пезешкиан мырзамен жан-жақты талқыладық. Қазақстан ауыл шаруашылығын цифрландыруға және өңдеу өнеркәсібін өркендетуге баса мән беріп отыр. Бұл ретте су ресурстарын тиімді пайдалану, осы салаға жаңа технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы жерлерін басқарудың заманауи әдістерін қолдану үшін өзара тәжірибе алмасуға келістік», – деді Мемлекет басшысы. 

Тараптар келіссөздер барысында ақпараттық технологияларды дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөліп, заман талабына сай ІТ шешімдер қабылдау және ғылыми ізденісті тереңдету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келіскен. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан және Иран тарапы 8 құжатқа қол қойғаны туралы хабарладық.