Референдум-2026

Қарағанды облысында 4 жыл темір рудасын заңсыз шетелге шығарғандар сотталды

Қарағанды облысында 4 жыл темір рудасын заңсыз шетелге шығарғандар сотталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қарағанды облысының Шет ауданында пайдалы қазбаны заңсыз өндіру ісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Пайдалы қазбаны заңсыз өндіру фактісін Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында анықтады. Осыған қатысты облыстың арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеу жүргізді. 

Облыстағы кәсіпорынның бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарып келген. Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келді. 

Осы іс бойынша үш күдікті қамауға алынып, 360 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.

Шет аудандық соты үш адамды жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Астанада топырақты заңсыз қазып алғандар дронның көмегімен анықталды.