Қанат Ислам: Наурыз – түркітілдес халықтар үшін ең үлкен мереке

Қанат Ислам: Наурыз – түркітілдес халықтар үшін ең үлкен мереке
Фото Қанат Исламның жеке мұрағатынан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы Қанат Ислам қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Құрметті Отандастар! Сіздерді келіп жеткен Наурыз меркесімен құттықтаймын. Наурыз – қазақ халқы үшін, жалпы түркітілдес халықтар үшін ең үлкен мереке, біздің төл жаңа жылымыз, жыл басы. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында қайтадан жаңа өмірге, жаңа қадамға леп беретін жаңа кезең. Жаңа жылымыз жаңа жаңалықтарымен басталып жатыр. Биыл еліміз үшін мерекелі, қуанышты жыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, әлемде тыныштық болсын», – деді Қанат Ислам Elordainfo.kz тілшісіне.  

Бұған дейін Қазақстан боксшылары Бангкокте өткен турнирде төрт медаль жеңіп алғанын жаздық.