01.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Кирилл Кекер дүниеден озды

|
Photo: KFF Team
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Кирилл Кекер дүниеден озды

|
Photo: KFF Team

46 жасында «Қайраттың» бұрынғы бапкері, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы әрі «Қайрат» ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер дүниеден озды. Суыт хабарды Қазақстан футбол федерациясының өкілдері жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Кирилл Кекер 46 жасында дүние салды. Қазақстан футбол федерациясы қаралы хабарды қайғыра отырып хабарлайды.

Кирилл Сергеевич саналы ғұмырын отандық футболды дамытуға және жас ойыншыларды тәрбиелеуге арнаған тәжірибелі де жоғарғы білікті маман болды. Ол ойынның қыр-сырын терең меңгерген, жасөспірімдермен жұмыс істей білетін, талапшыл әрі іскер бапкер ретінде талай футболшының мінезі мен кәсіби өсуіне ықпал етті», - делінген хабарламада.

Кирилл Кекер футболшы ретінде «Қызылжар», «Оқжетпес», «Сұңқар» және «Шығыс» командаларында қорғаушы болған.

Сондай-ақ ол ұзақ жыл «Қайрат» футбол клубының құрылымында еңбек етіп, академияда жас футболшыларды дайындаумен айналысқан. 2022-2024 жылдар аралығында алматылық клубтың негізгі командасын басқарды, сонымен қатар 2024 жылы «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері болды.

Бұған қоса, QJ League аясында «Қайрат» клубы командаларының үйлестірушісі қызметін атқарып, 2025 жылғы маусым қорытындысымен «Үздік басшы» деп танылды.

2025 жылы Кирилл Кекер Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалып, командамен бірге тарихи жетістікке жетті. Ол құраманы алғаш рет 2026 жылғы Еуропа чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне шығарды.

«Кирилл Сергеевичтің қазасы еліміздегі барлық қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр жағдай. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі және көпжылдық еңбек жолы отандық футболдың дамуына зор үлес қосты.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗