Медициналық тексеруден өткен 2,3 млн баланың 11%-ынан түрлі ауру анықталды
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,3 млн бала профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижесінде 242 мың балада (11%) түрлі аурулар анықталды. Олардың ішінде ең көп таралғандары – тісжегісі, анемия және миопия, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
86,7 мың бала одан әрі ем алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларда динамикалық бақылауға алынды.
Соңғы үш жылдың ішінде мектептердегі медициналық пункттердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу және кадрлармен жасақталу деңгейі 95%-ға дейін өсті.
Стоматологиялық аурулардың профилактикасына ерекше көңіл бөлінуде. «Болашаққа сау тіспен» жол картасы шеңберінде 2025 жылдан бастап білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттердің саны 145-тен 288-ге дейін ұлғайтылды.