«Profi Day»: елордалық мектепте әкелер оқушыларға еңбек пен жауапкершілікті дәріптеді
Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен «Еңбегі адал жас – өрен» бастамасы аясында елордадағы №111 мектепте «Profi Day: «145 сынып – 145 мамандық» форумы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Іс-шараның ерекшелігі – оны мектеп оқушыларының әкелері жүргізді. Әрқайсысы өз мамандығы туралы әңгімелеп, құрылысшы, әскери қызметкер, басшы, дәрігер сияқты түрлі сала өкілдері оқушыларды өздерінің еңбек жолымен таныстырды. Негізгі мақсат – балаларға мамандық таңдау табыс көзі ғана емес, сонымен қатар Отанға адал қызмет етудің бір жолы екенін көрсету. Әрбір ата-ана өз кәсібін таныстыра отырып, оны заң, тәртіп, әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық, кәсібилік, тәуелсіздік, патриотизм, жасампаздық және шығармашылық ұғымдарымен байланыстырды», – деді №111 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Райгүл Закирова.


Оның айтуынша, «Profi Day: «145 сынып – 145 мамандық» форумы – болашақтың білікті, адал әрі жауапты мамандарын бүгіннен бастап қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.
Максим Удод