Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады
21 наурыз, 2026
Фото: Ақорда
Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концерттік бағдарламаны көрді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Керуен сарай» кешенінің аумағында жұртшылыққа көктем мен жаңарудың сипатын сездіретін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Өнерпаздар қазақтың ұлттық және заманауи әндерін шырқады. Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен хореграфиялық қойылымдар көрсетілді.

Концертке танымал мәдениет қайраткерлері, қазақ эстрадасы мен классикалық өнер жұлдыздары, ұлттық ансамбль мен би ұжымдары қатысты.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Наурыз мерекесіне қатысқанын жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар
24 қыркүйек, 2026
Астанада «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
23 қыркүйек, 2026
Ақтауда «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалі өтеді
23 қыркүйек, 2026
Астанада ЮНЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау жолдары талқыланды
23 қыркүйек, 2026
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабекова 7 қарашада концерт береді