Президент Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады
22 ақпан, 2026
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудты Корольдіктің негізі қаланған күнмен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Сауд Арабиясын еліміздің ислам әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыстар, ал сауд халқына баянды өркендеу, құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
29 шілде, 2026
Президент әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтады
29 шілде, 2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесті
29 шілде, 2026
Астанада 34 елдің спортшылары «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде бақ сынайды
29 шілде, 2026
«Болашақ ойындары – 2026» ашылуы мерекелік концертпен өрнектелді