Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
12 қазан, 2024
Фото: Akorda.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Испания Королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 20:37
Қазақстан саяси трансформацияның маңызды кезеңіне қадам басты — The National Interest журналында Тоқаевтың мақаласы жарияланды
Бүгін, 20:02
Қазақстан-Қытай: Бейжіңде теміржол көлігі жөніндегі кіші комитеттің 16-отырысы өтті
Бүгін, 15:36
Президент «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады
30 наурыз, 2026
Усть-Лугадағы жағдай: Үш қазақстандыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр