Президент биатлоншы Ербол Хамитовты Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады

Бүгін, 19:22
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент биатлоншы Ербол Хамитовты Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады
Фото: Olympic.kz

Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық. 

Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.