Пойыздарда Аяз ата мен Ақшақар жолаушыларды Жаңа жылмен құттықтап жүр
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Kaztechnology компаниясымен бірлесіп, безендірілген пойыздар мен электр пойыздарында жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап жүр, деп хабарлады Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аяз ата мен Ақшақар кейпіне енген жолсеріктер жолаушыларға жылы лебіздерін білдіріп, балаларға жаңажылдық сыйлықтар табыстауда. Балалар ерекше қуанышпен Аяз атаға өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл күйді одан әрі толықтыруда. Аталған құттықтаулар аясында 2 мыңнан астам балаға сыйлықтар табысталады.
№11/12 «Алматы – Шымкент», №85/86 «Алматы – Шымкент», №7502/7501 «Астана – Павлодар», №67/68 «Астана – Өскемен», «Астана-Бурабай» бағыттары бойынша қатынайтын пойыз вагондары қар ұшқындары, шырша ойыншықтарымен безендірілген. Бұл құрамдар қаңтар айына дейін жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлайтын болады.
Жолаушылардың айтуынша, жаңажылдық пойыздар сапар барысында ерекше жайлылық пен мерекелік атмосфера қалыптастырып, келе жатқан Жаңа жылдың лебін сезінуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Жаңа жыл түні де Аяз ата мен Ақшақар пойыздарда жолаушыларды мерекемен құттықтайды.
Бұған дейін Ақмола облысында Magic Burabay қысқы маусымы басталғанын жаздық.