Референдум-2026

Павлодар облысында 2 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін, 12:17
Думан Аманжол Думан Аманжол
Павлодар облысында 2 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Баянауыл ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану барысында жер заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеріс барысында бірқатар жер пайдаланушылар жалдау мерзімі аяқталғанына қарамастан, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтармай, пайдалануды жалғастырғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, «Рымжан» шаруа қожалығы Қызылтау ауылдық округінің аумағында орналасқан көлемі 680,4 гектар жер учаскесін заңсыз пайдаланған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекет меншігіне кадастрлық құны 16 млн теңгеден асатын 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды.

Еске салсақ, Астанада LRT нысандарында «Заң мен тәртіп» акциясы өтті.