Header Banner

EWS пилоттық жобасы: Қостанай облысындағы бөгеттерге су тасқынын ескерту жүйесі енгізліп жатыр

EWS пилоттық жобасы: Қостанай облысындағы бөгеттерге су тасқынын ескерту жүйесі енгізліп жатыр
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, «Қазақстандағы бөгеттерді кешенді басқару арқылы су тасқынына қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жұмыс Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба Қазақстандағы бөгеттерге су тасқыны мен су басу қаупі туралы ерте ескерту жүйесін (EWS) енгізу, оның деректерін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне біріктіру және гидротехникалық құрылыстардың заманауи дерекқорын қалыптастыру арқылы өңірлердің су тасқынына төзімділігін арттыруға бағытталған.

«Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Барлық іс-шара жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта гидрологиялық модельдеу нәтижелері әзірленіп жатыр. Жүйені енгізу су тасқыны кезеңдеріндегі тәуекелдерді азайту үшін Қазақстандағы су шаруашылығы нысандарын кешенді басқаруға мүмкіндік береді», - деді Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Еске салсақ, елорданы су тасқынынан қорғайтын бөгет реконструкцияланып жатыр.