Пара және ұрлық: 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижесінде бюджетке 16,1 млрд теңге қайтарылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комтетіне сілтеме жасап.
2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті. 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.
Нәтижесінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылып, құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты», - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Еске салайық, бұдан бұрын былтыр Қазақстан шекарасынан 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленгені туралы хабарладық.