Былтыр Қазақстан шекарасынан 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді – ҰҚК

6 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Былтыр Қазақстан шекарасынан 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді – ҰҚК
Фото: freepik.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2025 жылы құзыретті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізілуінің 17 541 фактісінің жолы кесілді.

Оның ішінде:

- есірткі заттары бойынша 344 факті тіркеліп, 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді;

- қару мен оқ-дәрілерге қатысты 847 факті анықталды;

- діни әдебиеттердің заңсыз айналымына байланысты 315 факті тіркелді;

- жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаудың 5 900 фактісінің жолы кесілді;

- халық тұтынатын тауарларға қатысты 8 083 факті анықталды;

- валюталардың заңсыз қозғалысына байланысты 2 052 факті тіркелді.

Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолы кесіліп, нәтижесінде:

- 226 жүзу құралы;

- 580 шақырым браконьерлік аулау торы;

- бекіре тұқымдас балықтың 2 376 данасы;

- қара балықтың 7 193 данасы;

- 24 итбалық тәркіленді.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде алдын алынған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден асты.

Жыл бойы ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ шетелдік серіктестермен тығыз өзара іс-қимыл жасады. Атап айтқанда, ведомство 48 шекаралық, 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бағытында) және 5 халықаралық операцияға қатысты.

«Халықаралық операциялар Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі және Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз әрекеттерді тоқтату шеңберінде өткізілді», - делінген ақпаратта.