«Өз жем-шөбіміз» және «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламаларына өтінім қабылдау басталды

Бүгін, 18:02
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Өз жем-шөбіміз» және «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламаларына өтінім қабылдау басталды
Фото: АШМ

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 2026 жылғы 6 сәуірден «Өз жем-шөбіміз» және «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға өтінімдер қабылдауды бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының 2026 жылы отандық мал шаруашылығын дамыту бойынша жүктеген міндеттері аясында «Өз жем-шөбіміз» бағдарламасын іске асырудың маңыздылығы арта түсті. Жем-шөп базасын нығайтудан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толыққанды өндірістік тізбекті құру мәселесі сапалы техникалық жарақтандыруды талап етеді.

Бұл бағдарлама аясында аграрлық сала өкілдері жем-шөп дайындайтын техниканы және мобильді суару жүйелерін (қазақстандық және шетелдік өндіріс) жеңілдікпен лизингке алуға мүмкіндік береді.

Қаржыландыру шарттары бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%, мерзімі 10 жылға дейін, алғашқы жарна - 15%-дан басталады. Бағдарлама мал өсірумен және бордақылаумен айналысатын, сондай-ақ қажетті жер ресурстары бар шаруашылықтарға арналған.

Бағдарламаға қатысушылар екі жыл ішінде еңбекақы қоры мен салық түсімдерін 10%-ға арттыру бойынша міндеттемелер қабылдайды.

Сонымен қатар отандық өндірістің және құрастырылған және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға бағытталған «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданады.

Бағдарлама шарттары бастапқы жарнасыз (0%), сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, ал қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін белгіленген. Бұл фермерлердің айналымдағы қаражатына түсетін салмақты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Өтінім беру үрдісі барынша қолайлы болу үшін бірнеше арналар арқылы ұйымдастырлған. Аграрлық сала өкілдері Telegram-бот арқылы кезекке тұрып, «ҚазАгроҚаржы» ресми сайтында электронды өтінім бере алады немесе өңірлік филиалдарға жүгінуге болады.